jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Жаңадан құрылған Су ресурстары және ирригация министрлігінің басшысы тағайындалды

    Нұржан Нұржігітов
    Нұржан Нұржігітов. Фото: facebook.com/zhambyl.gov.kz

    Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды. Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қайды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

    "Мемлекет басшысының жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

    Нұржан Нұржігітов 1967 жылы туған, білімі жоғары.

    1991 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Ленинград ауылшаруашылық институтын "Инженер-механик", 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін "Экономика" мамандықтары бойынша бітірген.

    Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.

    Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы Максим Горький атындағы колхозында механик болып бастаған.

    Әр жылдары Төле би атындағы агробірлестіктің бас инженері, Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Байзақ ауданы әкімі қызметін атқарды.

    2022 жылдың сәуір айынан бүгінге дейін Жамбыл облысы әкімі қызметін атқарып келді.

    Жаңадан құрылған Су ресурстары және ирригация министрлігінің басшысы тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.