jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматының бір ауданына жаңа әкім тағайындалды

    Арман Шамшин
    Арман Шамшин. Фото: Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

    Қала әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Президент әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімі бойынша Алмалы ауданының әкімі болып Арман Шамшин тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Арман Шамшин 1986 жылы дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін (экономика факультеті), Пекин университетін (әлеуметтану) бітірген. Nazarbayev University Жоғары бизнес мектебінің басшылары үшін іскерлік әкімшілендіру магистрі (Executive MBA) дәрежесіне ие.

    Еңбек жолын 2011 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда бірқатар басшылық қызметтер атқарған. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде кеңесші болып жұмыс істеді, "НУХ "Бәйтерек" АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.

    Ол қытай, ағылшын және түрік тілдерін жетік біледі.

    2022 жылдың шілдесінен бастап қазіргі тағайындалғанға дейін "Алматы ӘКК" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

    Алматының бір ауданына жаңа әкім тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.