jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев ҰҚК төрағасының орынбасарын қызметінен босатты

    Марат Қарабаев
    Марат Қарабаев. Фото: gov.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Марат Қалқабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Марат Өмірбекұлы Қалқабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген ресми хабарламада.

    Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, Марат Қалқабаев еңбек жолын 1984 жылы ұлттық қауіпсіздік органдарының офицерлер құрамы лауазымдарындағы қызметтен бастаған.

    1995-2013 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарының офицерлер құрамы лауазымдарында қызмет атқарған.

    2013 жылғы қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған.

    ІІ дәрежелі "Даңқ", ІІ дәрежелі "Айбын" ордендерімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.

    ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері.

    2011 жылы Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілген.

    Тоқаев ҰҚК төрағасының орынбасарын қызметінен босатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.