Қазақстанның жаңа энергетика министрі тағайындалды
Жарияланған күні:

Ерлан Ақкенженов еліміздің энергетика министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының энергетика министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында энергетика министрі лауазымына Ерлан Ақкенженовты тағайындауға келісім берген еді.
Ерлан Ақкенженов жаңа қызметіне дейін энергетика вице-министрі қызметін атқарды. Ол бұл лауазымға 2023 жылғы 21 маусымда тағайындалған болатын.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Энергетика министрлігін басқарған Алмасадам Сәтқалиев жаңадан құрылған Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы болып тағайындалған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2229338-zhanga-energetika-ministri-tagaiyndaldy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде