RU
Саясат
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Тоқаев президент іс басқарушысының жаңа орынбасарын тағайындады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев қол қоюда
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Ерлан Сүттібаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Жақыпұлы Сүттібаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы президентінің Іс басқармасы – мемлекет басшысына бағынатын, президенттің, парламент палаталарының депутаттары мен қызметкерлерінің, үкімет қызметкерлерінің, өзге де мемлекеттік органдар қызметшілерінің жұмысын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган.

Оған қарасты ведомстволық ұйымдар халыққа кеңінен қызмет көрсетіп, еліміздегі озық тәжірибелерді таратады.

Былтырдан бері Қазақстан Республикасы президентінің Іс басқарушысы - Асат Нұрпейісов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2232071-toqaev-erlan-suttibaevty-prezident-is-basqarushysynyng-orynbasary-lauazymyna-tagaiyndady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif