Рақымжан Ерназар Президент әкімшілігіндегі бөлімдердің бірін басқарады
Жарияланған күні:

Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөліміне жаңа меңгеруші тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бұл қызметті атқарған Айдын Құлсейітов мемлекет басшысының өкімімен лауазымынан босатылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Рақымжан Ерназарды Президент әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындаған еді.
Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі – Қазақстан Республикасының президенті құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган.
Әкімшіліктің миссиясы президенттің қызметін ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық және өзгедей қамтамасыз ету болып табылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2232330-prezident-akimshiligining-aleumettik-ekonomikalyq-saiasat-bolimine-zhanga-menggerushi-tagaiyndaldy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.