jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды

    Жақсылық Омар
    Жақсылық Омар. Фото: instagram.com/shko.akim.official

    Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы өңір басшысы желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Бүгін Жақсылық Омарды өзімнің бірінші орынбасарым етіп тағайындадым. Жақсылық Мұқашұлының мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар. Ол 6 жыл бойы облыс орталығының әкімі болды.

    Оған өңірдің барлық мәселесі мен тұрғынының мұң-мұқтажы жақсы таныс. Оның жаңа әрі жауапты қызметке білімін, күш-жігерін барынша жұмсайтынына сенімдімін", - деп жазды ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Instagram-дағы парақшасында.

    Естеріңізге сала кетейік, былтыр қараша айының соңында Өскемен қаласын 2018 жылдан бері басқарған Жақсылық Омар қызметінен кеткен еді.

    Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.