jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Мейрамбек Ахметов Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы болды

    Мейрамбек Ахметов
    Мейрамбек Ахметов. Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Мейрамбек Маратұлы Ахметов Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Мейрамбек Ахметов 1983 жылы Целиноград облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. 

    Еңбек жолын 2005 жылы Төтенше жағдалар министрлігі "АЖТ орталығы" РМК бөлімінің бас маманы болып бастаған.

    2005-2007 жылдары – Төтенше жағдайлар министлігі Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің жетекші маманы.

    2007-2009 жылдары – Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті Қаржылық заңнама басқармасының бас маманы, бас сарапшысы.

    2009-2013 жылдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

    2013-2016 жылдары – Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.

    2016-2023 жылдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппараты Заң бөлімінің басшысы, Заң департаментінің директоры.

    2023-2024 жылдары – Жоғары аудиторлық палатасы заң департаментінің директоры.

    2024 жылғы маусымнан бастап жаңа қызметіне дейін "Самұрық-Қазына Бизнес Сервис»һ" ЖШС Кадрлық әкімшілендіру және жалақыны есептеу департаментінің директоры қызметін атқарған.

    Мейрамбек Ахметов Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.