jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Арман Әбдірәсілов Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінде лауазымды қызметке тағайындалды

    Арман Әбдірәсілов
    Арман Әбдірәсілов. Фото: primeminister.kz

    Қасым-Жомарт Тоқаев Арман Әбдірәсіловті Қауіпсіздік Кеңесінің ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

    Ақорданың Telegram желісіндегі парақшасында мемлекет басшысының өкімімен Арман Асқарұлы Әбдірәсілов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалғаны хабарланды.

    Айта кетейік, Қазақстан премьер-министрінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Арман Әбдірәсілов 1980 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетін тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2001 жылы ҚазҰУ Математика және механика институты ҒЗИ инженері болып бастады. 

    2020 жылдың мамыр айынан 2012 жылдың маусым айы аралығында Ұлттық ғылыми-техникалық орталығының инженері болып еңбек етті. 

    2013-2020 жылдары — "Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы" ЗТБ компаниялар тобының директоры болды.

    2020 жылы тамызда "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

    Арман Әбдірәсілов Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінде лауазымды қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.