Президент әкімшілігінің бұрынғы мемлекеттік инспекторы Шымкент әкімінің орынбасары болды
Опубликовано:
Шымкент әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкіміне сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Берік Серікұлы Беркімбаев тағайындалды", - делінген хабарламада.
Берік Серікұлы 1980 жылдың 1 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген, білімі жоғары.
Қазақ мемлекеттік заң академиясын және Шеффилд университетін (Ұлыбритания) бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі – "құқықтану", "мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат".
Еңбек жолын 2001 жылы прокуратура органдарында бастаған.
2010-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының және Әділет министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарған.
2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары.
2023 жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі.
2023 жылдың мамыр айынан бастап жаңа тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымында қызмет еткен.
Айта кетелік, бұған дейін Шымкент әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болып, қала әкімінің екі бірдей орынбасары тағайындалған еді. Кейін қала әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалғаны белгілі болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2289264-prezident-akimshiligining-buryngy-memlekettik-inspektory-shymkent-akimining-orynbasary-boldy/