jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жасанды интеллект министрлігін Жаслан Мәдиев басқаратын болды

    Жаслан Хасенұлы Мәдиев
    Жаслан Мәдиев. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Жаслан Мәдиев үкімет басшысының орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Мемлекет басшысының жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, жақында Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылған еді.

    Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған. 

    Еңбек жолын 2007 жылы Лондон қаласындағы Morgan Stanley Инвестициялық банкінің бағалы қағаздар және облигациялар саудасы департаментінің жетекші трейдері болып бастаған.

    Әр жылдары ҚР Президент әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы, "Самұрық - Қазына" ҰӘҚ" АҚ Қазынашылық департаментінің директоры, Kazyna Capital Management АҚ және "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Ұлттық банкі директорының Монетарлық операциялар және активтерді басқару жөніндегі орынбасары және ҚР премьер-министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

    Сондай-ақ ҚР Ұлттық банкі мен "Қазақстан темір жолы" АҚ құрылымында басшылық қызметтер атқарған.

    2020 жылғы қазаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

    2022 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін – цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі.

    2022 жылғы қазаннан 2024 жылғы мамырға дейін – Binance Kazakhstan компаниясының бас менеджері.

    2024 жылғы мамырдан бастап жаңа тағайындауға дейін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болды.

    Жасанды интеллект министрлігін Жаслан Мәдиев басқаратын болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.