Экс-министр Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды
Опубликовано:
Читать на русском
Бұрын еліміздің экология және табиғи ресурстар министрі болған Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болып тағайындалған.
Айта кетелік, Зүлфия Сүлейменова бұған дейін Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі болды.
Ол биыл қыркүйекте бұл лауазымынан босатылды.
Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастаған.
2015-2019 жылдары – Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Қоршаған орта және даму департаментінің консультанты.
2019 жылы – Біріккен Ұлттар Ұйымы дамыту бағдарламасының Түрікменстандағы халықаралық консультанты, Біріккен Ұлттар Ұйымы дамыту бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық консультанты.
2020-2021 жылдары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарған.
2021 жылғы қаңтардан 2022 жылғы наурызға дейін VII сайланған парламент мәжілісінің депутаты болған.
2022 жылғы наурыздан 2023 жылғы қаңтарға дейін Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, 2023 жылғы 4 қаңтардан 2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін экология және табиғи ресурстар министрі болды.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2307344-eks-ministr-zulfiia-suleimenova-zhanga-qyzmetke-tagaiyndaldy/