Ішкі істер министрлігінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды
Опубликовано:
Алматы қаласының сондай-ақ Қазақстанның бірнеше облысындағы полиция департаментінің басшылары ауысты, деп хабарлайды ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ІІМ-нің мәліметінше, жоспарлы ротация тәртібімен, ішкі істер министрінің бұйрығымен, Президент Әкімшілігімен келісімімен ведомствода бірқатар кадрлық тағайындау жүзеге асырылған:
- Бұған дейін Көліктегі полиция департаментінің бастығы болған полиция генерал-майоры Айдос Рысбаев Ішкі істер министрлігі Аппаратының басшысы;
- Бұған дейін Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы болған полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы;
- Бұған дейін Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы болған полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы;
- Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы болған полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы;
- Бұған дейін Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы болған полиция полковнигі Абай Жүсіпов Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы;
- Бұған дейін Ұлытау облысы полиция департаментінің бастығы болған полиция генерал-майоры Қайыркен Әлиев Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы;
- Бұған дейін Атырау облысы полиция департаментінің бастығы болған полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев Ұлытау облысы полиция департаментінің бастығы;
- Бұған дейін ІІМ Аппаратының басшысы болған полиция генерал-майоры Оңал Бекиев Атырау облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған.
Ішкі істер министрі Ержан Саденов ротация басшылық құрам арасындағы құқықтық тәртіпті нығайтуға және "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыруға бағытталғанын атап өтті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2329872-ishki-ister-ministrliginde-birqatar-kadrlyq-auys-tuiis-boldy/