Алматы полиция департаментінің бастығы ауысты
Опубликовано:
Читать на русском
Алматы қаласы полиция департаментінің жаңа бастығы болып полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов тағайындалды. Бұл туралы ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Айдын Қабдұлдинов бұған дейін СҚО полиция департаментін басқарған еді.
СҚО полиция департаментінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Қабдұлдинов Айдын Тоқтарұлы 1998 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы Заң институтын аяқтаған.
Ішкі істер органдарындағы қызметін Өскемен қаласы Ішкі істер басқармасының тергеуші лауазымынан бастаған.
2000 жылдан бастап қызметін Алматы қаласы ішкі істер органдарының бөліністерінде жалғастырған.
2004 жылдан Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасында тергеуші, жедел уәкіл, бөлім бастығы болып жұмыс істеген.
2012 жылы Алматы қаласы ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, 2017 жылы сол басқарманың бастығы лауазымдарын атқарған. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті ӨҚБ бастығы болған.
2020 жылғы 23 сәуірде Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне, ал 2022 жылғы 27 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына тағайындалған.
Айта кетейік, Айдын Қабдұлдиновқа дейін Алматы қаласының полиция департаментін 2022 жылғы шілдеден бастап Арыстанғани Заппаров басқарды. Ол Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Жалпы бүгін Ішкі істер министрлігінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болып, бірнеше облыстағы полиция департаментінің басшылары ауысты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2329879-almaty-politsiia-departamentining-bastygy-auysty/