Ерболат Досаев "Бәйтерек" холдингінің директорлар кеңесінің құрамына кірді
Опубликовано:
Читать на русском
"Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі директорлар кеңесінің жаңартылған құрамын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, Рустам Қарағойшин холдингтің басқарма төрағасы, кеңес мүшесі болып қалып отыр.
Cондай-ақ кеңес құрамына премьер-министр Олжас Бектенов (кеңес төрағасы), премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, қаржы министрі Мәди Тәкиев және өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев кірген.
Сонымен қатар директорлар кеңесінің құрамына бұрын холдингті басқарған Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев кірген.
Айта кетелік, Ерболат Досаев 2016-2017 жылдары "Бәйтерек" холдингінің басқарма төрағасы болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2330952-erbolat-dosaev-baiterek-holdingining-direktorlar-kengesining-quramyna-kirdi/