Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов тағы бір қызметке сайланды
Опубликовано:
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Оқу-ағарту министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Педагог-KZ порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Порталдың жазуынша, Оқу-ағарту министрлігінің оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамының алғашқы отырысы өткен.
Қоғамдық кеңес мүшелері дауыс беру арқылы мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновті төраға етіп сайлаған.
Жиынға қатысқан оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қоғамдық кеңеске 600 мыңға жуық педагогтың, 22 мың білім беру ұйымының және 4 миллионнан астам білім алушының мүддесін қолдау мен қорғау жүктелгенін атап өткен.
Мәжіліс депутаты Facebook-тегі парақшасында Қоғамдық кеңес төрағасы етіп бірауыздан сайлаған кеңес мүшелеріне алғыс айтып, артқан сенімді ақтауға тырысатынын жеткізді.
Мұрат Әбеновтің айтуынша, педагог отбасынан шыққан өзіне бұл сала жақын.
"Әкем 42 жыл мұғалім болған, Қызылордада Жамбыл атындағы мектеп директоры болды. Өз мамандығым педагог – математик информатик. Қызметімді Қызылорда қаласында информатика пәні мұғалімнен бастап, қалалық білім беру бөлімінің (ГорОНО ) инспекторы, мектеп-лицей директорының оқу-тәрбие бойынша орынбасары дейін сатылап атқардым.
Кейін білім саласындағы қызметімді Астанада ҚР БҒМ вице министр болып жалғастырдым. Алтынсарин атындағы академияда, "Өрлеу" АҚ жұмыс тәжірибием бар.
Жастарды оңтүстіктен солтүстікке оқу гранттары арқылы "жұмсақ" миграциялау "Серпін" жобасы менің бастамам. Биыл 12 жыл болады, 50 мың бала грантпен оқуға түсті", - деп жазды мәжіліс депутаты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2331294-mazhilis-deputaty-murat-abenov-tagy-bir-qyzmetke-sailandy/