jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жаңа басшы тағайындалды

    Гүлмира Сабденбек
    Гүлмира Сабденбек. Фото: gov.kz

    ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Эрнар Ержанов "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы Гүлмира Сабденбекті таныстырды, деп хабарлайды ведомство сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Гүлмира Сабденбек әр жылдары басшылық қызмет атқарды. Атап айтқанда, Ұлттық медициналық холдингтің стратегиялық даму департаментіне жетекшілік етті. Сонымен қоса "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

    Кейінгі қызметте ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып, әлеуметтік саясат және орнықты даму, мемлекеттік аудит, сондай-ақ қаржылық бақылау мәселелерімен айналысқанын атап өткен жөн.

    Бұдан бөлек, ұжымға басқарма төрағасының бірінші орынбасары Айдар Мекебеков таныстырылды.

    Ол Қаржы министрлігінің жүйесінде ұзақ жыл жұмыс істеген. Айталық, салық инспекторынан бастап мемлекеттік кірістер және қаржылық бақылау органдарының бөлімшелерінде басшылық қызмет атқарған. Сол секілді Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары болған. Бүгінге дейін "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-де ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент директоры болып еңбек еткен.

    Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жаңа басшы тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.