jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Светлана Жақыпованы еңбек министрі лауазымынан босатты

    Светлана Жақыпова
    Светлана Жақыпова. Фото: gov.kz

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Светлана Жақыпованы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

    Еңбек министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Светлана Жақыпова 1968 жылы Қарағанды облысында туған. Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын, Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.

    Еңбек жолын 1984 жылы Қарағанды облысы Қарой орта мектебінің мұғалімі болып бастаған.

    1991-1995 жылдары Целиноград қаласындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен.

    1997-2008 жылдары "Зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аға маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары, директоры лауазымдарында жұмыс істеген.

    2008-2011 жылдар аралығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры лауазымында қызмет атқарған.

    2011-2013 жылдары "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының Жобалық офисі бағдарламасын басқарған.

    2013-2019 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары, 2020-2023 жылдар аралығында БҰҰ Даму бағдарламасының Әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі ұлттық сарапшысы болған.

    2020 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қоры бас директорының орынбасары лауазымына тағайындалған. 

    2023 жылғы маусымнан бастап, қыркүйек айына дейін Қазақстан президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл болған.

    2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды. 2024 жылғы 6 қаңтарда бұл лауазымға қайта тағайындалды.

    Тоқаев Светлана Жақыпованы еңбек министрі лауазымынан босатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.