Асқарбек Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды
Опубликовано:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына Асқарбек Ертаев тағайындалды. Тиісті жарлыққа президент қол қойды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Еңбек министрлігінің сайтындағы мәлімет бойынша, Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, "Нұр" Ақтөбе мененджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастаған.
2000-2014 жылдары банк секторында жұмыс істеген.
2014 жылы – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитеті бас сарапшысының м.а.
2014-2021 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры.
2021-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінде сектор меңгерушісі.
2022-2023 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, ҚР Үкіметі Аппаратының экономикалық бөлімінің меңгерушісі.
2023-2024 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы.
2024-2025 жылдары – Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2025 жылғы 9 маусымнан бастап бүгінге дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметін атқарды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Светлана Жақыпованы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатқан еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2336214-engbek-zhane-halyqty-aleumettik-qorgau-ministri-tagaiyndaldy/