Тоқаев өзінің баспасөз хатшысын лауазымынан босатты
Опубликовано:
Руслан Желдібай президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Ақорданың ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Руслан Желдібай 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
"Болашақ" халықаралық білім беру бағдарламасының түлегі. 2017 жылы Уорик университетінің (Ұлыбритания) магистратурасын тәмамдаған.
2011-2012 жылдары – "Қазақстан" ұлттық телеарнасында редактор.
2012-2018 жылдары – "Алматы" телеарнасында бөлім басшысы, продюсер.
2018-2019 жылдары – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы.
2019-2020 жылдары – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.
2020 жылғы мамырдан 2022 жылғы ақпанға дейін – Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2022 жылғы ақпаннан сәуірге дейін – ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары.
2022 жылғы сәуірден 2023 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы.
2023 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қыркүйекке дейін – Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары – президенттің баспасөз хатшысы.
2023 жылғы 1 қыркүйектен 2025 жылғы 17 ақпанға дейін – Қазақстан президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі.
2025 жылғы 17 ақпаннан 9 қыркүйекке дейін Қазақстан президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы болды.
2025 жылғы 9 қыркүйектен бүгінге дейін Қазақстан президентінің көмекшісі – баспасөз хатшысы қызметін атқарды.
Айта кетелік, мемлекет басшысының жаңа баспасөз хатшысы болып Айбек Смадияров тағайындалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2336932-ruslan-zheldibai-prezidentting-komekshisi-baspasoz-hatshysy-lauazymynan-bosatyldy/