jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Медициналық сақтандыру қорында кадрлық ауыс-түйіс болды

    Бақытжан Абдуллаев
    Бақытжан Абдуллаев. Фото: ӘМСҚ баспасөз қызметі

    Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында кадрлық ауыс-түйіс болып, басқарма төрағасының екі орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, медицина саласында ұзақ жыл еңбек еткен Бақытжан Абдуллаев ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалған.

    Ол еңбек жолын Астанадағы №1 қалалық ауруханада санитар және акушер қызметінен бастап, трансфузиолог, хирург-дәрігер, бөлім басшысы, сондай-ақ осы ауруханада бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарған.

    2023 жылдан жаңа қызметіне дейін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болған.

    Индира Ерденова.
    Индира Ерденова. Фото: ӘМСҚ баспасөз қызметі

    Сондай-ақ Индира Ерденова Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалған.

    Ол бірнеше жыл Қаржы министрлігінің жүйесінде жұмыс істеген. Атап айтқанда, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетте, сонымен қатар Қазынашылық комитетінде бас сарапшыдан бастап Ішкі сатып алулар және активтер департаментінде басшылық қызмет атқарған.

    Жаңа тағайындауға дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің Цифрландыру департаментінің директоры болған.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жаңа басқарма төрағасы тағайындалған еді.

    Медициналық сақтандыру қорында кадрлық ауыс-түйіс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.