Әсет Ерғалиев Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды
Опубликовано:
Президент жарлығымен Әсет Ерғалиев президент кеңесшісі - Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі — Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кету керек, Әсет Арманұлы Ерғалиев 2025 жылдан бастап Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметін атқарған. Бұған дейін әр жылдары ұлттық экономика министрі, президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2338677-aset-ergaliev-toqaevtyng-kengesshisi-bolyp-tagaiyndaldy/