jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Бахтияр Мұхаметқалиев жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды

    Бақтияр Мұхаметқалиев
    Бақтияр Мұхаметқалиев. Фото: primeminister.kz

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Абайұлы Мұхаметқалиев ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

    1990 жылы 1 шілдеде Алматы облысы Бостандық ауданында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітірген. 

    Еңбек жолын 2010 жылы Алматы қаласында "Қазпошта" АҚ-да бас маман болып бастаған.  

    2010-2020 жылдар аралығында "Қазпошта" АҚ-да бас маманнан АТ-инфрақұрылым жөніндегі атқарушы директор және E-commerce департаментінің директорына дейін түрлі қызметтер атқарған. 

    2021-2022 жж. - "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ басқарушы директоры.

    2022–2023 жж. -  ҚР Премьер-министрінің Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі. 

    2023–2025 жж. - ҚР Үкіметі Аппаратының Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі. 

    2025 жылдың мамыр айынан қазіргі күнге дейін - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" ШЖҚ РМК бас директоры. 

    Бахтияр Мұхаметқалиев жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.