jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Райымбек Баталов Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі болды

    Райымбек Баталов86
    Райымбек Баталов. Фото: atameken.kz

    Райымбек Баталов Қазақстан президентінің кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Өмірбаяндық мәліметтерге сүйенсек, Райымбек Баталов 1970 жылы Алматыда дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ сәулет-құрылыс академиясын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын "Риддер Инвест" металлургиялық кешенінің басқарушы директоры қызметінен бастаған. Кейін Жаңа Жамбыл фосфор зауытын, Тобыл элеваторын, Меркі қант зауытын, Шымкент ЖЭО-3 нысанын басқарған. Сондай-ақ "Раимбек" сауда фирмасын құрған.

    2022 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі, "Атамекен" ҚР ҰКП президиумының төрағасы міндетін атқарушы, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы болды.

    Райымбек Баталов Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.