jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Cерік Сәпиев жаңа қызметке ие болды

    Серік Сәпиев
    Серік Сәпиев. Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

    Серік Сәпиев Қазақстанның туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы XX Азия ойындарына дайындық штабының спорт блогының үйлестірушісі болып тағайындалды.

    "Бұл шешім биыл күшіне енген "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңның жаңа редакциясында көзделген ротация жүйесі аясында қабылданды", - делінген ведомство хабарламасында.

    Серік Сәпиев — бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы, 2010 жылы Гуанчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарының жеңімпазы. Бұған дейін мәжіліс депутаты, Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, өңірлік басқарма басшысы қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда ол Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің президенті.

    Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, штаб құрамына Туризм және спорт министрлігінің өкілдері, ұлттық спорт федерацияларының жетекшілері және спорт саласының ардагерлері енді. Олар дайындықтың әрбір кезеңін пысықтап, қойылған міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

    Айта кетейік, биылғы жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтеді. Азиада-2026 бағдарламасына 41 спорт түрі енген. Жалпы 68 бағдарлама бойынша 460 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Оның 217-сі ерлер арасында, 204-і әйелдер арасында, ал 39-ы аралас санатта ойнатылады. Бағдарламаға олимпиадалық, олимпиадалық емес және дәстүрлі азиялық спорт түрлері енген.

    Серік Сәпиевке қатысты дау

    Өткен айда әлеуметтік желіде Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында төбелес болып, Сәпиевтің дене жарақатын алғаны туралы ақпарат тараған еді.

    Полиция 42 жастағы Қарағанды тұрғынының шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын мәлім етті.

    Кейінірек әлеуметтік желіде Сәпиев пен орынбасарының арасында болған жанжалдың видеосы тарады.

    Оқиғаға қатысты Астана дзюдо федерациясының президенті Айдар Махметов пікір білдіріп, Серік Сәпиевпен сөйлескенін, ешкім ешкімді ұрмағанын және жанжалдың неден туындауы мүмкін екенін айтты.

    Кейін Серік Сәпиевтің өзі де мәлімдеме жасап, жанжалдың себебін айтты.

    Бұдан бөлек, Дәурен Есімханов та екеуара болған жанжалға қатысты пікір білдірді.

    Қарағанды облысының спорт басқармасында тексеру басталды.

    3 ақпанда Серік Сәпиев пен оның орынбасары лауазымдарынан босатылғаны белгілі болды.

    Cерік Сәпиев жаңа қызметке ие болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.