jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Бас прокурордың орынбасарын тағайындады

    Ерлан Өтегенов
    Ерлан Өтегенов. Фото: gov.kz

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Өтегеновті Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Бұған дейін Ерлан Өтегенов Астана қаласының прокуроры болды.

    Елорда прокуратурасының ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Ерлан Өтегенов 1976 жылы дүниеге келген, Қазақ мемлекеттік заң университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1997 жылы Алматы облысы прокуратурасының жанындағы прокуратура, сот органдарының құқықтық статистика және ақпарат орталығының талдау жұмысы бөлімінің бас маманы лауазымынан бастаған.

    Әр жылдары прокурордың көмекшісі, аға көмекшісі, прокурор, аға прокурор, аудан прокурорының орынбасары, прокуроры қызметтерін атқарған.

    Сондай-ақ Алматы қаласы бойынша Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқарма бастығы, Бас прокурордың аға көмекшісі, Астана қаласы прокурорының орынбасары болған.

    2022 жылғы мамырда елорда прокуроры болып тағайындалды. Сыныптық шені – 3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

    Тоқаев Бас прокурордың орынбасарын тағайындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.