Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі қызметінің бастығы тағайындалды
Опубликовано:
Бас прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Нұрдәулет Сүйіндіков еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы прокурорының аға көмекшісі ретінде бастаған.
Әр жылдары Бас прокуратураның бөлім бастығы, Бас прокурордың аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі, департамент бастығының орынбасары – Бас прокуратураның ресми өкілі, Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары, Стартегиялық даму департаментінің бастығы, Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы болған.
Кейінгі екі жыл Активтерді қайтару комитетінің төрағасы лауазымын атқарған.
Қызметтегі жоғары жетістіктері үшін Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз