jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астана және Шымкент қалаларына жаңа прокурорлар тағайындалды

    Ғабит Мұқанов және Елдос Сағиев
    Ғабит Мұқанов және Елдос Сағиев. Фото: Бас прокуратура/коллаж KAZ.NUR.KZ

    Астана және Шымкент қалаларына жаңа прокурорлар тағайындалды, деп хабарлайды Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, мемлекет басшысының келісімімен және Бас прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ғабит Қасымбекұлы Мұқанов Астана қаласының прокуроры лауазымына тағайындалған.

    Ғабит Мұқанов еңбек жолын Алматы облысы Кербұлақ ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған.

    Әр жылдары Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры, Астана қаласы прокуратурасының Аппарат басшысы-басқарма бастығы, Астана қаласы прокурорының орынбасары,  Бас прокуратураның Кадрлық дамыту департаментінің бастығы лауазымдарын атқарған.

    2021 жылғы тамыздан бастап Шымкент қаласының прокуроры болған.

    Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен және II дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

    Сондай-ақ мемлекет басшысының келісімімен және Бас прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Елдос Әлиханұлы Сағиев Шымкент қаласының прокуроры лауазымына тағайындалған.

    Елдос Сағиев прокуратура органдарындағы қызметін Ақмола облысы Шортанды ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған.

    Әр жылдары Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қостанай және Маңғыстау облыстары бойынша департаменттерінде, Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

    2022 жылғы тамыздан бастап Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау қызметінің бастығы болған.

    Қызметтегі жоғары жетістіктері үшін "Ерен еңбегі үшін" медалімен, ІІ дәрежелі "Айбын" және ІІ дәрежелі "Даңқ" ордендерімен наградталған.

    Астана және Шымкент қалаларына жаңа прокурорлар тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.