jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Самат Аисов ІІМ Тергеу департаментінің бастығы болды

    Самат Аисов
    Самат Аисов. Фото: ҚР ІІМ

    Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция полковнигі Самат Аисов ІІМ Тергеу департаментінің бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    ІІМ-нің Telegram-дағы арнасында жарияланған мәлімет бойынша, Самат Аисов бұған дейін Тергеу департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.

    Ішкі істер органдарында тәжірибесі мол әрі басқару бойынша еңбек өтілі бар.

    Жаңа бастықты таныстыру барысында министр Ержан Сәденов Тергеу департаментінің алдында тұрған басым міндеттерді атап өткен.

    Самат Аисовқа сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын арттыру, жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету, заң мен азаматтардың құқықтарын сақтау, сондай-ақ тергеу жұмысының нәтижелері үшін басшылардың жеке жауапкершілігін қадағалау міндеті жүктелген.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Тергеу департаментін Мұхтар Қожаев басқарды. Ол жақында Шымкент полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

    Самат Аисов ІІМ Тергеу департаментінің бастығы болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.