jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

    Алмасхан Сматлаев
    Алмасхан Сматлаев. Фото: Алматы әкімдігі

    Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып Алмасхан Сматлаев тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Жаңа қызметінде Алмасхан Сматлаев көріктендіру, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және жол мәселелеріне жетекшілік етеді.

    Алматы әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Алмасхан Сматлаев 1989 жылы дүниеге келген.

    Ресей Федерациясындағы Қаржы университетін "экономика", "қаржы" және "мемлекеттік және муниципалдық басқару" мамандықтары бойынша, сондай-ақ АҚШ-тағы Блумсберг университетін "халықаралық экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2009 жылы бизнес құрылымдарда бастап, кейін Еуразиялық экономикалық комиссияда жұмыс істеген.

    2014-2023 жылдары Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, облыс әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болған.

    2023-2025 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

    Жаңа қызметіне дейін 2025 жылғы тамыздан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған.

    Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.