jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Сенаттың экс-депутаты қызылордалық университеттің ректоры болды

    Наурызбай Байқадамов
    Наурызбай Байқадамов. Фото: korkyt.edu.kz

    Сенаттың экс-депутаты Наурызбай Байқадамов Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен актив отырысы өткен.

    Жиында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы-ректоры лауазымына тағайындалған Наурызбай Байқадамов таныстырылған.

    Наурызбай Байқадамов 1991 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің "Тарих және француз тілі" мамандығын тәмамдаған.

    Еңбек жолын ауыл мектебінде мұғалім болып бастап, 1994 жылы өзі білім алған оқу орнына оқытушы ретінде қайта оралған.

    Университетте түрлі басшылық қызметтерді, атап айтқанда, 2008-2013 жылдары тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор қызметін атқарған. Жоғары оқу орнында 20 жылға жуық еңбек етіп, университеттің көпсалалы аймақтық білім ордасы ретінде қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан.

    2013 жылы мемлекеттік қызметке шақырылып, облыстық білім басқармасының басшысы, облыс әкімінің орынбасары, облыстық мәслихат хатшысы және төрағасы қызметтерін атқарған.

    Сондай-ақ "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары, Amanat партиясы облыстық филиалының төрағасы болған.

    2024 жылғы сәуірден 2026 жылғы 11 ақпанға дейін Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі болды.

    Наурызбай Сейтқалиұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент. Ол 150-ге жуық ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің, бірнеше кітаптың авторы.

    Сенаттың экс-депутаты қызылордалық университеттің ректоры болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.