jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қанат Ысқақов мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі болып тағайындалды

    Қанат Ысқақов
    Қанат Ысқақов. Фото: primeminister.kz

    Үкімет қаулысымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қанат Жұмабайұлы Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

    Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының жетекші маманы болып бастаған.

    Әр жылдары әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда, соның ішінде парламент мәжілісінде, Президент әкімшілігінің мемлекеттік хатшысының хатшылығында, Президент әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында жұмыс істеген.

    2012-2021 жылдары Президент әкімшілігі баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.

    2021-2023 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы, 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін мәдениет және ақпарат вице-министрі болған.

    Қанат Ысқақов мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.