Тоқаев Берік Шолпанқұловты қызметінен босатты
Опубликовано:
Читать на русском
Президент өкіміне сәйкес, Берік Шолпанқұлов Қазақстан Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Ұлттық Банк сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Берік Шолпанқұлов 1976 жылы 4 наурызда дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін "бухгалтерлік есеп" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Қаржы министрлігінің жанындағы Қазынашылық комитетінде Кассалық қаражат және мемлекеттік борыш басқармасының қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің қазынашысы лауазымынан бастады.
2008–2014 жылдары қаржы вице-министрі қызметін атқарды. 2014–2016 жылдары қорғаныс министрінің орынбасары болды.
2016-2019 жылдары қаржы вице-министрі қызметін атқарған.
2021 жылғы 5 сәуірде президент өкіміне сәйкес, Ұлттық Банк төрағасының орынбасары болып тағайындалған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2345962-toqaev-berik-sholpanqulovty-qyzmetinen-bosatty/