jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Снежанна Имашева Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болып тағайындалды

    Снежанна Имашева
    Снежанна Имашева. Фото: Конституциялық сот

    Депутат Снежанна Валерьевна Имашева жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Снежанна Валерьевна Имашева Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл – Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Мәжілістің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Снежанна Имашева 2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

    Еңбек жолын 2001 жылы Батыс Қазақстан облысында "БанкТуранАлем" ААҚ Ақсай филиалының бөлшек кредит беру маманы ретінде бастаған.

    Алғаш рет 2016 жылы (VI сайланған) парламент мәжілісінің депутаты – Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды.

    Сондай-ақ ол VII-VIII шақырылымдардың депутаты болып, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінде жұмысын жалғастырды.

    Снежанна Имашева Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.