jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Ұлттық банк төрағасының орынбасарын лауазымынан босатты: оның орнына кім келді

    Бинұр Жәленов
    Бинұр Жәленов. Фото: Қазақстан Ұлттық банкі

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасының жаңа орынбасарын тағайындады. Бұл қызметке Бинұр Жәленов келді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Бинұр Мұратұлы Жәленов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

    "Параграф" ақпараттық жүйесіндегі мәлімет бойынша, Бинұр Жәленов 1993 жылы 19 қаңтарда Семей қаласында дүниеге келген. Бірнеше жоғары білімі бар. Қазақстанда, АҚШ-та соның ішінде Кембриджде білім алған.

    Еңбек жолын Қаржы министрлігінен бастаған, кейін Нью-Йоркте жұмыс істеген. 2019 жылы Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі (қашықтан) болған.

    Сондай-ақ Жәленов Ұлттық банкке қарасты "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" РМК-ның бас директоры болған, кейін Ұлттық банктің "Ұлттық төлем корпорациясы" АҚ-ны басқарған.

    Бүгінге дейін цифрлық трансформация басшысы, Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарған.

    Естеріңізге сала кетейік, 20 ақпанда президент Берік Шолпанқұловты Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымынан босатқан еді.

    Тоқаев Ұлттық банк төрағасының орынбасарын лауазымынан босатты: оның орнына кім келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.