jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    АС
    Акырыс Сейтказы
    Бұрынғы қызметкер

    Нұротандық депутат Шымкент әкімін қатаң сынға алды

    : UGC

    Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Өмірзақ Мелдеханов Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың жұмыстарын сынға алды.

    Бұл туралы Рейтинг газеті хабарлайды.

    "Бізге арыз түсіп жатыр. Тротуарда велосипед жүргізуге бола ма, болмай ма? Өйткені біраз азаматтар «Қалада веложол салып жатқандар біз жасаған жолаяқ төсеніштерін алып тастап, қайтадан басқасын төсеуде. Ғимараттар мен тротуарлардың арасында биік бордюрлар қоюда. Жауын жауса, жаңбыр суы бордюрлардан аса алмай көлкіп ғимараттарға қауіп төндіреді ғой» деп шағым жазған екен. Осы мәселені кім түсіндіріп бере алады? Негізі веложол қалай салынуы керек? Қандай талаптар бар?", - деп сұрады депутат.

    Бұдан хабар жоқ па, әйтеуір облыстық әкімдікке қарасты Құрылыс басқармаларының басшылары аталған мәселені анықтап, жазбаша жауабын береміз деп құтылды.

    Дегенмен, олар тротуарда адамдармен бірге велосипедпен қатынауға болмайтынын айтты.

    "Италияда автобустар жүретін жолдар бір бөлек, тротуар бір бөлек, веложол бір бөлек. Ресейде де сондай. Қазақстанда қандай сонда? Сонда біздің облыста бақылау жоқ па, не бұл?! Әлде бітіріп, бүлдіріп болған соң бақылау жасалына ма? Тротуарда велосипед жүргізуге болмайтын болса, бізде бақылау да, қадағалау да жоқ, қалаған адам қалаған нәрсесін жасап жатыр ма? Бұрынғы плита төсеніштерді алып тастаудың не қажеті бар? Қазіргілерін сапасына қарап-ақ білуге болады, үгітіліп қалады. Неге біздің қалада үнемі бақылаусыз жаңа құрылыстар жүре береді? Бюджеттен қаржы қалай бөлініп жатқанын бір Құдай біледі... Оған тендер жарияланған ба? Қаржы көп болса, жұмсайтын қаншама нысан бар ғой", – деді «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Өмірзақ Мелеханов.

    Тағы оқыңыздар:

    Баян Есентаева өзін соққыға жыққан күйеуінің тегінен ауысып кетті

    Бас мүфти пәтер жалдап тұратын қарт әжейдің арманын орындады (фото)

    Елімізде кісі тасып жүрген вагондардың іші микробқа толып, жаймалары ескіріп кеткен

     Филиппин президенті Гитлер сияқты халықты қыратынын ашып айтты

    Жоғалған қызға алаңдаған Надаль теннис матчын тоқтатып тастады

     

    Нұротандық депутат Шымкент әкімін қатаң сынға алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.