Назарбаев Түркістан облысын құру туралы жарлыққа қол қойды
Жарияланған күні:
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы заңға қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызылсын.
2. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшірілсін.
3. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы деп қайта аталсын.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен бірлесіп:
бір ай мерзімде осы Жарлықты іске асыру жөнінде ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) бекітсін;
2018 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіруді қамтамасыз ететін шаралар қабылдасын;
осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын;
2) Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспарды әзірлеуге конкурс ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия құрсын.
5. Орталық мемлекеттік органдар және Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жергілікті мемлекеттік органдары тиісті жергілікті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іркіліссіз әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
6. Түркістан облысының жергілікті өкілді және атқарушы органдары, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мекемелері Түркістан қаласына көшкенге дейін Шымкент қаласында орналасады деп белгіленсін.
7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
8. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/1738055-nazarbaev-trkistan-oblysyn-kru-turaly-zarlykka-kol-kojdy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 7
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
Рухани Астанамыз саналатын Түркістан қаласы ендігі кезекте облыс орталығына айналды. Демек, Түркістанның түркі әлемініңде орталығы, облыстың да орталығы болады. Қаланың дамуына өте жақсы әсер беретін болады.
Астанинец
Түркістан облысы құтты болсын. Елбасымыздың шешімі өте орынды. Шымкент қаласы мегаполиске айналғанына қанша, ендігі кезек облыс орталығы Тұран Түркістан қаласы болады. Керемет!
Астанинец
Қолдаймын, керемет шешім қабылдаған екен. Осылай әр облыстарымыз дамып, қалаларымыз мегаполиске айнала берсін. Мұндай жаңалықтардың көп болғанын қалаймыз. Құтты болсын жаңа облысымыз!
Дулатбек18
іске сәт! Аллаһ жар болсын! Алға Қазақстан!
Астанинец
Ия, іске сәт! Бұл өте жақсы жаңалық. Барлық облыстарда да осындай жақсы жаңалықтар көп болсын. Осы арқылы Қазақстанның барлық қалаларының өсуіне, дамуына мүмкіндік пайда болады.
Нұрлаг
өте дұрыс шешім,баяғыда солай шешім шығару керек -еді.
Астанинец
Әрине, әр нәрсе өз орнымен болғаны дұрыс деп санаймын. Түркістан облысы аталуымен барша оңтүстіктің тұрғындарын құттықтаймын. Облыс орталығы атанған Түркістан, бұрыннан да қатты жайнайтын болады.
Астанинец