Назарбаев Астанада хан сарайындай балабақшаны ашты (фото)
Жарияланған күні:
Бүгін Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өңірлердің елорданың 20 жылдығына орай тарту еткен бірқатар нысандарының тұсауын кесті. Солардың бірі - 240 орындық "Алматы" балабақшасы болды. Елбасы бүлдіршінденрдің ата-аналарымен кездесіп, кішкентай бөбектермен шүйіркелесе әңгімелесті деп хабарлайды NUR.KZ.

Астананың 20 жылдығына орай аймақтардың тарту ретінде ұсынған айтулы нысандарынының тұсау кесу рәсімі толастар емес. Бүгін президент елордада "Алматы" балабақшасының тұсауын кесіп, бөбектер мен олардың ата-аналарына сәттілік тіледі.

"Астана өздеріңіз куәсіздер, күннен күнге көркейіп келеді. Солардың ішінде мынадай әлеуметтік маңызы бар нысанның бой көтеруі - айтулы шара деп білемін. Мына кішкентай бүлдіршіндер біздің болашағымыз. Келешекте елдің тұтқасын ұстайтын азаматтар осылар болады. Сондықтан барлықтарыңызды құттықтаймын, еліміз дамып, көркейе берсін!", - деді Назарбаев.

Бір қуантарлығы хан сарайындай балабақшаның іші-сырты ұлттық нақышта безендірілген. Балабақша Алматы қаласының Астананың 20 жылдығына арналған тартуы болғандықтан, оның іші-сыртында әсем Алматының басты символдарының бейнесі көрініп тұрды.


Мәселен, балабақша сыртында алматылық алма ағашының мынадай әдемі суреті бой көрсетіпті.

Ал нысанның кіре берісінде "Алматыдан Астанаға тарту" деген жазба да тұр.

Айта кетейік, балабақшадағы бөбектер тобының атаулары да Алматының басты "брэндтерінің" атымен аталмақ. Мәселен, оларға "Алатау", "Медеу", "Шымбұлақ", "Көктөбе" Үшқоңыр деген тағы басқа атаулар берілмек.

Тіпті, балабақша бөлмелеріндегі кілемдерге дейін оңтүстік астананың бас символдары бейнелеген. Онда "Қазақстан" қонақүйі, "Достық" даңғылы деген жазбаларды анық көруге болады.

Ал, жалпы балабақшадағы бөбектер ұзын саны 12 топқа бөлінбек. Айта кетерлігі 240 бүлдіршінге арналған балабақша елорданың "Алматы" көшесінің бойында орын тепкен.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/1740096-nazarbaev-astanada-han-sarajyndaj-balabaksany-asty-foto/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде