jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Экс-министр Бишімбаевтың коттеджі әкімдік меншігіне берілетін болды

    : UGC

    Қуандық Бишімбаевтан тәркіленген саяжай Ақмола облысының ауылдық әкімдігіне берілетін болды. Астанадан 25 километр жерде орналасқан ғимарат бір жылдан бері бос тұр екен деп хабарлайды "Еуразия" Бірінші каналына" сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Видеодан алынған кадр: "Еуразия" Бірінші арнасы
    Видеодан алынған кадр: "Еуразия" Бірінші арнасы: UGC

    Жергілікті шенеуніктер бұрынғы Ұлттық экономика министрінің үйін қандай қажеттіліктерге бөлу үшін бастарын қатырып жатыр. Қосшы ауылдық округы әкімінің міндетін атқарушы Сұлтан Орақбай ауданда мәдениет үйінің, музыка мектебінің, бос уақыт өткізетін орталықтың жоқтығын айтып, аңшылық үйі осы мақсатта қолданылатынын жеткізді.

    Коттедж әкімдік меншігіндегі ең қымбат нысан болмақ.

    Прокуратураның айтуынша, саяжайдың салынуына 60 миллион теңге қаражат жұмсалыпты. Үйдің ішінде үш жатын бөлмесі, хауыз бен сауна бар екен. Алып ғимарат салынған аумақ шенеуніктің қайын енесінің атына аударылған.

    Шенеунік тарабы ғимараттың құжаттарын түзулеуге үлгермей қалған, себебі сол уақытта жемқорлыққа қатысты дау басталып, нәтижесінде Қуандық Бишімбаев абақтыға алынды. Одан кейін сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.

    Қазақстанда тәркіленген мүлікті әкімдіктерге беру тәжірибесі бар екені белгілі болды.

    Экс-министр Бишімбаевтың коттеджі әкімдік меншігіне берілетін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.