jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Сыртқы істер министрі дауға қалған елші ісіне қатысты мәлімдеме жасады

    : UGC

    Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Өзбекстандағы өкілетті елші Ерік Үтембаевтің ісіне қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

    kommersant.uz
    Фото: kommersant.uz: UGC

    Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы өкілетті елші Ерік Өтембаев Өзбекстанда Қазақстан елшілігінің ғимаратын тұрғызу кезінде жалған атқарылған жұмыс актілеріне қол қою арқылы 140 миллион теңге көлеміндегі бюджеттік қаржыны жымқырды деп күдіктелуде деп хабарлаған болатынбыз.

    Тілшілер министрден елбасымыз уақытша қызметінен шеттеткен елшінің жеке басын сипаттап беруін өтінді.

    "Алдыма БАҚ өкілдерінің жиналып отырғанын пайдаланып, "кінәсіздік презумциясы" сынды негізге алынатын қағидаттардың бар екенін ұмытпауға шақырамын", - деп жауап берді Әбдірахманов.

    Министр сыртқы істер департаментінің және осы ведомствоға бағынышты ұйымдардың бұрынғы қызметкерлерінің істеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілген кезде ұлттық бюро толық, әрі әділ тергеу жүргізуі үшін ведомство тарапынан толыққанды көмек көрсетілетінін хабарлады.

    Қайрат Әбдірахманов осы сыбайлас жемқорлық ісіне қатысты дау Қазақстанның атақ-абыройына дақ келтіре ме деген сұраққа да жауап берді.

    "Олай ойламаймын. Бұл істің ашық тергелгенін және болашақта мұндай жағдайдың қайталанбауын өзіміз қалап отырмыз", - деді министр.

    Сыртқы істер департаментінің басшысы барлық қажетті алдын алу шаралары жүргізіліп жатқанын айтып өтті.

    "Тағы да қайталаймын, біздің сыртқы саяси ведомство, сонымен қатар, бүкіл үкімет сыбайлас жемқорлықпен күресте және мемлекеттік қызметкерлер тарапынан құқыққа қарсы әрекеттерді болдырмауға тырыысып жатыр", - деп министр сөзін қорытындылады.

    Бұрын хабарлағанымыздай, жақында Қазақстан президенті Ерік Өтембаевті қызметінен шеттету туралы жарлыққа қол қойған болатын.

    Сыртқы істер министрі дауға қалған елші ісіне қатысты мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.