Жаңа мәдениет және спорт министрі алғаш рет көпшілік алдына шықты (фото)
Жарияланған күні:
Жаңа мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова алғаш рет министр лауазымында ел алдына шығып, халықпен кездесу өткізіп, есеп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәдениет және спорт министрілігінің есептік кездесуі басқа министрліктердің кездесуінен әлдеқайда өзгеше өтті. Қазмедиа орталығында нағыз мәдени шара ұйымдастырылды.

Музыканттар музыка ойнап, ұлттық аспаптар, кітап көрмесі ұйымдастырылып, тіпті шараға орай "Алтын адамның" көшірмесі де қойылды.

Қонақтар, нақтырақ айтқанда кездесу қатысушылары костюм мен әдемі көйлектермен келіп, танымал тұлғалармен суретке түсті. Мысалы, кездесуге Асанәлі Әшімов ат басын бұрған.

Кездесу басында әнұран қойылып, сахнаға Ақтоты Райымқұлова көтерілді. Ол сәнді, әрі салмақты көрінді. Жаңа министр кездесуге Шанель стиліндегі қара костюмді таңдаған.

Ол баяндаманы тұрып жасауды жөн көрді. Бірнеше сағат бұрын осы жерде Энергетика министрі Қанат Бозымбаев есептік кездесу өткізген болатын.

Оның кездесуі аяқталғаннан кейін үстел мінбемен алмасты.

Райымқұлова өз сөзінде қазақстандық киноның дамуы мен әлемдік нарықтағы жетістіктеріне, туризмнің өркендеуі мен спорттық жеңістеріне тоқталды.

Сөзін аяқтаған Ақтоты Райымқұлованың жаңа лауазымына бата берілді десе болады. Асанәлі Әшімовтың өзі оны қолынан алып, оған өсиет сөздерін айтып, министр лауазымында жетістіктер тіледі.




Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/1800770-zaa-mdeniet-zne-sport-ministri-algas-ret-kpsilik-aldyna-sykty-foto/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.