jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ТС
    Тилеген Султан
    Бұрынғы қызметкер

    Өмірзақ Шөкеев «Nur Otan» партиясында тұрғындармен кездесті

    : Facebook

    «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Space» форматындағы Қоғамдық қабылдауында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев азаматтарды қабылдап, олардың мұң-мұқтажын тыңдады. Облыс басшысының қабылдауына келген көп балалы ана Тойлыбаева Ұлжан атаулы әлеуметтік көмек алу мәселесіне тоқталды.

    Өмірзақ Шөкеев «Nur Otan» партиясында тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді
    Фото: Пресс-служба акима Туркестанской области: Facebook

    Сондай-ақ баспанаға қол жеткізе алмай жүргенін жеткізген азаматша көмек сұрайды.

    «Біз сіздің жағдайыңызды түсініп отырмыз. Бұл мәселені шешуге тырысамыз. Алайда, сіз ең алдымен үй кезегіне тұруыңыз қажет», - деді өңір басшысы. Аталған азаматқа жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы тиісінше қолдау көрсетіледі. Мұғалім М. Исрайлова ұлттық бағытта білім беретін қыздар мектебін ашуды армандайды. Батыр ана өз мақсатын жүзеге асыру жолында ғимарат сұрап арнайы әкімнің қабылдауына келген. «Сіздің идеяңыз ұнады. Қазір Түркістанда неке сарайы салынып жатыр. Осы ғимаратты барып көріп, ұнаған бөлмеден үйірме ашуыңызға болады. Мен Қыздар мектебін ашу, ұлттық бағытта тәрбие беретін үйірме ашу бойынша жан-жақты көмек көрсетемін», деді Ө. Шөкеев.
    Өмірзақ Шөкеев «Nur Otan» партиясында тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді
    Фото: Пресс-служба акима Туркестанской области: Facebook

    Облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Б. Жандосова облыста республикалық «Өнеге» жобасының жұмысын жандандырып, Түркістаннан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған азаматтарға арналған дағдарыс орталығын ашсақ деген идеясымен бөлісті. Әлеуметтік маңызы зор бастамаға облыс басшысы қолдау білдіретіндігін жеткізді.

    Өмірзақ Шөкеев «Nur Otan» партиясында тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді
    Фото: Пресс-служба акима Туркестанской области: Facebook

    Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open space» форматында ашылған Қоғамдық қабылдау кеңсесіне барлық мемлекеттік орган жетекшілері, облыс әкімі, ​ басқарма басшылары ай сайын келіп, ​ тұрғындармен қабылдау жүргізуде.

    «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

    Өмірзақ Шөкеев «Nur Otan» партиясында тұрғындармен кездесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.