RU
Саясат
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Тоқаев Нұр-Сұлтанда жаяу жүргіншілер үшін өтпе жолдарды арттыруды жүктеді

Жарияланған күні:

Елордада жаяу жүргіншілерге арналған өтпе жолдардың санын арттыру қажет. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінде өткен қаланы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Елорда тұрғындарының төрттен бірі қоғамдық көліктің бағдар кестесіне көңілдері толмайтындығын білдіреді. Себебі, көптеген бұралаң бағдарлар жолға кететін уақытты ұзартып жібереді. Сонымен қатар елордалықтар салондардың тарлығы мен лық толы болатындығын атап өтеді.

Автобус бағдарларының жүктемесі мен сұранысына сараптама жасау, жүктемесі ең көбін анықтау және әсіресе қауырт уақытта оларды қосымша автобустармен күшейту қажет", - деді президент.

Мемлекет басшысы жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту мәселесіне де айырықша назар аударды.

Оның сөзінше, қаланың көптеген ауданында абаттандырылған жаяу жүргіншілер жолағы мен өтпесі жоқ.

"Бұл, жаяу жүргіншілердің өмірі мен денсаулықтарына қатер тудырады. Шындығында машиналар жүріп жатады және адамдар көшені қиып өте алмайды. Жолдан жүгіріп өтіп, жол қозғалысы ережесін бұзуға мәжбүр болады. Сол арқылы өзіне де, жүргізушіге де тәуекел тудырады.

Барлық өркениетті қалаларда жаяу жүргіншілерге арналған өтпелер бар. Сіздер жүргізушілер үшін жағдай жасап, қала тұрғындарының қажеттігіне қамқорлық танытпай отырсыздар. Міне, сондықтан олар жолдан жүгіріп өтеді. Сіздер осындай дұрыс жобалармен айналысып, көпірлер, өтпелер салыңыздар. Жаһанданумен әуестенудің қажеті жоқ", - деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/1821050-tokaev-nr-sltanda-zaau-zrginsiler-sin-tpe-zoldardy-arttyrudy-zktedi/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 6

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

Zammi

Қоғамдық көліктердің жүру жолын жөндесе жақсы болар еді, бұл күнделікті болатын проблемалар.

Comment reaction

Sungat

Сол пешеходтарды тұрғындарға қолайлы жерден жасау керек, полиция соған мән беруі тиіс.

Comment reaction

Sungat

Барлық өркениетті қалаларда жаяу жүргіншілерге арналған өтпелер бар. Қала тұрғындарға өмір сүру үшін қолайлы болуы керек.

Zammi

Жақсы жаңалық екен, қала бірінші кезекте тұрғындарға арналуы керек.

armabbek77

Осы проблеманы көтерсе деп жүр едім, себебі қазір аяқ алып жүре алмаймыз, жаяу жүретіндер үшін жақсы болушы еді.

Дулатбек18

Бұлар сонда президент айтпаса ештеңе істемей, ақырын еңбекақыларын алып отыра бере ме?????? Өздері біліп бірдеңе істесе,.кейін біз осыны қатырдық деп, президентке мәлімдесе, әлде олар тек: "қалай қаржы жымқырамыз" - бен ұақыттары өте ме екен! әйтеуір қалайда қызық?

jitsu gif