jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ТС
    Тилеген Султан
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодарлық зауытшылар коронавирус жұқтырған Елбасыға тезірек сауығып кетуді тіледі

    : Facebook

    Павлодар мұнай-химия зауытының ұжымы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың коронавирус індетін жұқтырғанына алаңдаушылықтарын білдірді.

    Павлодарлық зауытшылар елбасы Н. Назарбаевқа күш-жігер тіледі
    Фото: akorda.kz: Facebook

    Соңғы күндері COVID-19 штамын жұқтырғандар саны күрт өсіп, індет Елбасын да айналып өтпеді. Кеше жедел тараған ресми хабарды естіп, елең-алаң болған жұрттың арасында ПМХЗ жұмыскерлері де бар. Оған әлеуметтік желілер арқылы Нұрсұлтан Әбішұлының саулығын тілеп, жан-жақтан жолданған бейнеүндеулер дәлел.

    Ұжым үндеуінде Елбасына зор денсаулық тілеп, өздерінің қолдау білдіруге дайын екендерін жеткізген.

    «Сіз күш-жігері мол адам ретінде бұл ауруды жеңе алатыныңызға нық сенімдіміз. Сіз біздің зауытқа бірнеше рет келген болатынсыз. Біз бәріміз Сіздің сергектігіңіздің және өмірсүйгіштігіңіздің куәсі болдық. Сіз осы қиын сәтте коронавирус пандемиясымен күресте біріккен павлодарлық мұнай өңдеушілер мен барлық қазақстандықтардың қолдауына сене аласыз» - деген лебіз-тілектер айтылған.

    Сөз соңында кәсіпорын қызметкерлері Ұлт көшбасшысының амандығын тілей отыра, отан игілігі үшін қызметін амандықпен жалғастыратынына сенім білдірді.

    Павлодарлық зауытшылар коронавирус жұқтырған Елбасыға тезірек сауығып кетуді тіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.