jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Ресей Қазақстанда жаңа АЭС салуға дайын

    АЭС
    Көрнекі фото: piqsels.com

    Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин жаңа сұхбатында Ресей Федерациясы Қазақстанда жаңа атом электр станциясын салуға дайын екенін айтты.

    Елші бұл туралы "Комсомольская правда" басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

    Алексей Бородавкинге, оның ойынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың ауқымын кеңейтетін әлі де жүзеге асырылмаған негізгі 5 бағыт туралы сұрақ қойылды.

    Дипломат келесі бағыттарды атады:

    • Үкіметтік емес қорлар мен ұйымдар, жастар мен ардагерлер одақтары, еріктілер қозғалыстары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен блог жүргізу саласы арасындағы байланысты нығайту;
    • Коронавирус пандемиясына байланысты инвестициялық және сауда шығындарын өтеу;
    • ЕАЭО-ның барлық елдері үшін цифрландыру саласындағы интеграция;
    • Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық;
    • Таза энергетика.

    Энергетика туралы айта отырып, елші әлемдегі басқа мемлекеттер сияқты Қазақстанға да таза энергия қажет екенін атап өтті.

    "Осы саладағы ең тиімді шешімдердің бірі – атом электр станциялары. Электр энергиясының болжамды жетіспеушілігін ескере отырып, атом электр станциясының құрылысы Қазақстан үшін айрықша өзекті тақырыпқа айналуда. Росатом станцияның қауіпсіздігі мен қоршаған орта тазалығына кепілдік бере отырып, аталған жобаны қолға алуға дайын", – деді Алексей Бородавкин.

    Ресей Қазақстанда жаңа АЭС салуға дайын

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.