jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Атом электр энергиясы өте қажет": Тоқаев АЭС құрылысы туралы айтты

    АЭС құрылысы
    Фото: Sputnik Қазақстан/ Энергетика министрлігі

    Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында жауапты тұлғалар қандай да бір себептермен атом электр станциясының құрылысына қатысты жауаптан жалтарып жатқанын мәлімдеді. Президенттің сөзінше, ашығын айтқанда, атом энергетикасынсыз Қазақстан экономикасы құлдырайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Мен жауапты тұлғалардың атом электр стансасының құрылысы туралы сұраққа дипломатиялық жолмен жауап беруден неге жалтарып жатқанын түсінбеймін. Ашығын айту керек, таза атом энергиясынсыз біз инвестицияны айтпағанда, бүкіл экономикамыздан, аймақтық көшбасшылықтан айырыламыз.

    Бізге электр энергиясы, оның ішінде таза атом электр энергиясы өте қажет. Экономикалық ахуалды түсінбейтін популистердің жетегінде кетуге болмайды. Атом энергетикасының маңыздылығын кәсіби түрде түсіндіру қажет", - деді Тоқаев.

    Еске сала кетейік, қыркүйек айының басында президент үкіметке Қазақстанда атом энергетикасы өндірісі пайда бола ма, жоқ па, соны түсінуге бір жыл уақыт берген болатын.

    Қараша айында қаржы секторының өкілдерімен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде энергия тапшылығының алғашқы белгілері қазірдің өзінде байқалып жатқанын атап өтіп, атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдауы мүмкін екенін мәлімдеген.

    "Атом электр энергиясы өте қажет": Тоқаев АЭС құрылысы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.