RU
Саясат
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Тоқаев SCAT әуе компаниясының президенті Владимир Денисовті қабылдады

Жарияланған күні:

Владимир Денисов президент қабылдаудында
Владимир Денисов президент қабылдаудында. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев SCAT әуе компаниясының президенті Владимир Денисовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Владимир Денисов президентке әуе компаниясының былтыр атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған даму жоспары туралы баяндаған.

Сондай-ақ ол 2030 жылға дейін компанияның әуе кемелері паркі мен бағыт желілерін кеңейту жөнінде мәлімет берген.

Бұдан бөлек, Владимир Денисов президентке Шымкент әуежайындағы аэровокзал кешені құрылысының барысы және авиациялық хабты дамыту шаралары туралы баяндаған.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев SCAT әуе компаниясының қызметіне оң баға беріп, оның даму стратегиясын қолдаған.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Шымкенттегі авиациялық хабтың құрылысын аяқтаудың, авиациялық тасымалдау саласының өңірдегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың маңыздылығына назар аударған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2007632-toqaev-scat-aue-kompaniyasynyn-prezidenti-vladimir-denisovti-qabyldady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif