jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Әділет министрлігі "Атамекен" ҰКП экс-басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді

    Абылай Мырзахметов
    Абылай Мырзахметов. Фото: atameken.kz

    Сенат кулуарында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Атамекен" ҰКП экс-басшысы Абылай Мырзахметовтің ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жақселекованың айтуынша, Қазақстан - құқықтық мемлекет, оның кінәсі сотта дәлелденбейінше адам кінәсіз деп есептеледі.

    "Осындай фактінің барлығы бойынша тиісті тексерулер жүргізіліп, сот шешімі шығарылуы керек. Біздің тараптан қандай да бір пікір білдіру орынсыз деп ойлаймын", - деді вице-министр.

    Оның сөзінше, барлығы тергеу нәтижелеріне, сол бойынша жасалған әрекеттердің біліктілігіне байланысты болады.

    "Заң бойынша жауапкершілік қарастырылған. Енді қандай айып тағылатыны туралы айту теориялық тұрғыдан қиын", - деді ол.

    Еске салайық, осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Атамекен" ҰКП басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовті "алаяқтық жасады және пара беруге итермеледі" деген күдікпен ұстағанын хабарлаған едік.

    Әділет министрлігі "Атамекен" ҰКП экс-басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.