jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев актриса Самал Еслямованы қабылдады

    Самал Еслямова және Қасым-Жомарт Тоқаев
    Самал Еслямова және Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: aqorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Самал Еслямованы қабылдады. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

    Кездесу барысында отандық театр өнері және кинематография саласын дамыту мәселелері талқыланған.

    Президент қоғамның рухани дамуында театр мен кино маңызды рөл атқаратынына тоқталып, аталған салаларға мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп жатқанына назар аударған.

    Сондай-ақ мемлекет басшысы отандық фильмдерде тарихымызды, мәдениетімізді дәріптеуге, жастардың бойында патриотизм сезімін қалыптастыруға, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға баса мән беру қажет екенін атап өткен.  

    Самал Еслямова мемлекет басшысының қабылдауында
    Самал Еслямова мемлекет басшысының қабылдауында. Фото: aqorda.kz

    Өз кезегінде Самал Еслямова президентке өзінің алдағы шығармашылық жоспары, отандық өнер саласын дамытуға қатысты ұсыныстары туралы айтқан.

    Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт мәдениетін танытуға үлес қосып келе жатқаны үшін актриса Самал Еслямоваға алғыс айтып, шығармашылық табыс тілеген.

    Тоқаев актриса Самал Еслямованы қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.