jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Ұлт сапасын арттыруға зор үлес қосып келесіздер": Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: gov.kz/dsm

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі ресми сайтында хабарлады.

    Ведомство мәліметінше, медицина қызметкерлерінің бүгінгі кәсіби мерекесіне орай президент құттықтау жеделхатын жолдаған.

    Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау хатында мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым көңіл бөлетінін атап өткен.

    "Құрметті медицина қызметкерлері! Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

    Сіздер халықтың денсаулығын жақсартып, ұлт сапасын арттыруға зор үлес қосып келесіздер. Қазақстанда медицина мамандарының мәртебесі мен беделі жоғары болу үшін барлық жағдай жасалуда. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым айрықша көңіл бөледі.

    Көптеген заманауи емдеу орындарының салынуы, білікті мамандарды даярлауға бөлінетін грант санының көбеюі, осы сала қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетілуі - соның айқын дәлелі. Түптеп келгенде, мұның бәрі салауатты қоғам қалыптастыруға ықпал етеді.

    Сіздер сындарлы сәттерде өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел сенімін ақтай білдіңіздер. Баршаңызға қажырлы еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге амандық, бақ-береке тілеймін!", - делінген президенттің құттықтауында.

    "Ұлт сапасын арттыруға зор үлес қосып келесіздер": Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.